ОСК Қазақстан халық партиясының кандидаттарын тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын төртінші саяси ұйымның кандидаттарын тіркелді. Ол – Қазақстан халық партиясы. Комиссия мүшесі Әсел Жанәбілова партиялық тізімге енген барлық үміткердің Конституция мен «Сайлау туралы» заңның талаптарына сай екенін мәлімдеді. Саяси ұйым Парламент Мәжілісінің соңғы сайлауында электораттың 6,8% дауысын жинағандықтан, жарна төлеуден босатылды. Ұсынылған кандидат саны – 72. Оның ішінде 30 кандидат - әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл жалпы тізімнің 41,7%. Заңда белгіленген міндетті квота нормасы сақталған. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясын сайлау бюллететіне енгізу туралы қаулы қабылдап, саяси ұйым өкілдеріне кандидат куәлігін табыстады.
Нұрсұлтан Шоқанов, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ төрағасы:
Партиялық тізімге түрлі саланың білікті мамандары енгізілген. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, экономистер, кәсіпкерлер, заңгерлер сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, білім, ғылым және медицина салаларының өкілдері бар. Сонымен қатар өңір басқарған, вице-министр және әкім орынбасары лауазымдарын атқарған азаматтар, бұрынғы сенатор мен жергілікті мәслихат депутаттары қамтылған. Кандидаттар қатарында Мәжілістің VIII шақырылымының төрт депутаты бар.
Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» жасылдар партиясын тіркеу туралы қаулы қабылдады. Саяси ұйым Құрылтай депутаттарының сайлауына 47 кандидат ұсынып отыр. Партия бұған дейінгі Мәжіліс сайлауына қатысып межелі – 5% дауыс жинай алмаған еді. Электораттың тек 2,3% қолдауына ие болды. Сондықтан міндетті жарнаның 70% пайызын төлеген.
Азаматхан Әміртаев, «Қазақстанның «Байтақ жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы:
Біздің 47 үміткеріміздің ішінде: 10 - әйел, 4 - жас 35 жасқа дейінгі және 4 - мүгедектігі бар адам бар. Біздің толық тізімнен 38% ол квотаны толық орындап тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы