Қарағанды облысында жыл басынан бері 255 жол апаты тіркелді
Қарағанды облысында жыл басынан бері 255 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 48 адам қаза тапты. Онымен қоса 300-ден аса жолаушы түрлі жарақат алған. Полиция басқармасының айтуынша, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің қарапайым ережелерді сақтамауынан туындайды. Сол себепті Астана-Қарағанды республикалық тас жолында орташа жылдамдықты бекіту жүйесі орнатылды. Енді әрбір көліктің шыққан уақыты мен жеткен уақытын бақылап, орташа жылдамдық есептеледі. Жүргізушілерге тиісті жылдамдықтан асырғаны үшін жеке жауапкершілік түрі қарастырылмаған. Тек жылдамдыққа байланысты айыппұл мөлшері 5-тен 40 АЕК-ке дейін өзгеріп отырады. Ережені қайта бұзғандар үшін жаза одан әрі күшейтіледі.
Елжас Жартыбаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
2025 жылы Қарағанды мен Ошағанды ортасына орташа жылдамдықты орнатқан болатынбыз. Жарты жылдың ішінде 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Теміртаудан бастап Астанаға дейін орташа жылдамдықты орнаттық. Теміртаудан шыққанда, Ошағандыда, Анарда, Аршалыда камера орналасқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы