Семей орманындағы өрттің беті қайтты
«Семей орманы» резерватындағы өрттің беті қайтты. Құтқарушылар әлі де бықсыған оттың ошақтарын сөндіріп жатыр. Тілсіз жаудың кесірінен 370 гектар жер қызыл жалынға оранған. Өртті сөндіруге 800-ге жуық адам, 191 техника және 8 тікұшақ жұмылдырылды. Премьер-министрдің тапсырмасымен Төтенше жағдайлар министрі, Экология және табиға ресурстар министрі өрт аумағына келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге «Семей орманы» аумағындағы өрттің ең күрделі учаскелерін аралады. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жұмыстары түнімен тоқтамады. Техника жетуі қиын жерлерге арнайы жаяу десанттар жіберілген.
Бекасыл Жұмабек, өрт сөндіруші:
Біз қазіргі таңда кешелі бері өрт сөндіріп жатырмыз. Қазір бықсып жатқан жерлерді, арасында қалған оттарды өшіріп жатырмыз. Өртті оқшаулап жатырмыз.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Бүгін міне бықсып жатқан жағдайға жеткіздік. Бүгін, ертең бықсыған участоктерді оқшаулап еткенде ғана өрт сөнді деп есептейміз. Бықсып жанғанды дер кезінде сумен сөндірмесек, шоқтан қайта өрт болуы мүмкін, сондықтан әр бықсыған жерді жою қажет.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06