Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
Биыл мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға мемлекеттік бюджеттен 1,1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Бұл көмек әлеуметтік төлемдерге, оңалту қызметтерін дамытуға және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталды, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жалпы елімізде 752 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат бар. Бұл – халықтың 3,7 пайызы. Сондай-ақ оларға қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде олардың күнделікті пайдаланатын 46 мыңға жуық ғимараты арнайы картаға енгізілді. Оның 28 мыңнан астамы пандустармен, арнайы құралдармен жабдықталған. Ал Алматыдағы әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту, заманауи ортез өндірісін іске қосу және техникалық оңалту құралдарын қайта пайдалану бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырып келеді.
Сырым Нәси, «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» РМК бас директоры:
Мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту мәселесі. Осы жерде біздің елімізде біршама шара қарастырылған. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жұмыс орындарына квота берілу. Ол бүгін 2 пайыздан 4 пайызға дейін бағытталған. Яғни, жергілікті әкімдік жыл сайын квотаны бекітеді. Жұмыс берушілермен тығыз байланыста отырып жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы