ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Құрылтай сайлауына ұсынған кандидаттар тізімін тіркеп, үміткерлердің куәлігін табыстады. Комиссия төрағасы саяси ұйымның партиялық тізімі Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сай екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, партияны сайлау бюллететіне енгізу туралы қаулы қабылдады. Саяси ұйым бұған дейінгі Парламент Мәжілісінің сайлауында электораттың 8,41% дауыс жинауына байланысты жарна төлеуден босатылды. Айта кетейік, «Ақ жол» партиясы Құрылтай сайлауына 63 адамды ұсынды. Олардың арасында Мәжілістің 6, мәслихаттың 21 депутаты мен кәсіпкерлер, әр түрлі саланың өкілі бар.
Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Егер партиялық тізімге толығырақ тоқталатын болсам, оның ішінде 20 пайызы жастар. Әйелдердің үлесі 11 пайыз, ал мүгедектігі бар кандидат 10 пайызға жуықтайды. Біз 30 пайыздық міндетті квотаны сақтадық.
ОСК халықаралық 76 байқаушыны аккредиттеді
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы тағы 16 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Оның 8-і шетелдің, тағы 8-і - үш халықаралық ұйымның өкілі. Осылайша, қазірге дейін Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық 76 байқаушы аккредиттелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы