Басты Жаңалықтар Қазақстан – Орталық Азия экономикасының басты қозғаушы күші

Қазақстан – Орталық Азия экономикасының басты қозғаушы күші

Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы ретіндегі орнын бекемдеп келеді. Бұл туралы All China Review сайтында жарияланған мақалада айтылды. Онда Қазақстан өңірдегі жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамын өндіріп, шетелдік инвестициялардың шамамен 70 пайызын тартқаны көрсетілген. Сондай-ақ еліміздің банк жүйесі, өңдеу өнеркәсібі, логистика және қаржы салаларындағы оң өзгерістер сараланған. Қытаймен сауда көлемінің артуы, транзиттік әлеуеттің күшеюі Қазақстанның стратегиялық маңызын арттыра түскені баяндалады. Сарапшылардың пікірінше, экономиканы әртараптандыру мен жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін алдағы жылдары да сақтауға мүмкіндік береді.

Ләззат Жанмолдаева, экономист:

Ең басты себеп әрине ол инвестициялық климаттық жағдай. Ол заңнама. Елдің ішіндегі тыныштық. Ең бастысы кез келген инвестор өзінің салған қаржысынан әрі қарай оның табыс алып, сол елде табыс табуына ұзақ мерзімде соған сенімді болуы керек. Соңғы кездегі салынып жатқан жеке инвестицияларға жеке мән бере кетсек ол тек қана шикізат тарапына емес басқа да зауыт фабрикалар, яғни өңдеу, қайта өңдеу, логистика, автокөлік, сонымен қата ІТ, цифрлық даму осы жағын біз баса айтуымыз керек.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Қазақстаның ЖІӨ-дегі бүгінгі күнде қызметтердің көбейіп кетуі. Қандай қызметтер, транспорттық қызметтер, қаржылық қызметтер. Ақпараттық қызметтер. Бұлар бүгінгі күнде 60 пайыз болып жатыр жалпы ішкі өнімімізде. Яғни біздің экономикамыздың әртараптануы өте жақсы кетіп жатқанын Қытайдың осы талдаушылары айтып беріп жатыр.
Бөлісу