Маңғыстауда 5 адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шықты
Маңғыстауда бес адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шығып, жолға жауапты шенеунік кінәлі деп танылды.
Қайғылы оқиға биыл 16 қаңтарда Ақтау – Бейнеу бағытындағы тас жолда болды.
Көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы аударылып, салдарынан 5 адам қаза
тапты. Тағы 14 жолаушы зардап шекті. Тексеру қорытындысы бойынша апатқа автожолдың қысқы
мерзімге тиісінше дайындалмағаны себеп болған. Нәтижесінде Бейнеу аудандық соты
«КАЖСервис» ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол пайдалану бөлімшесінің
бастығын кінәлі деп танып, оны 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас
бостандығынан айырды.
Олжас Киікбаев, Маңғыстау көлік
прокуратурасының аға прокуроры:
Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары басқармасы жүргізді. Арнайы прокурорлар қысқы кезеңде автомобиль жолдарының тиісінше күтіп ұстамау салдарынан орын алғанын және жауапты тұлғалардың әрекетсіздігінен болғанын растап, дәлелдеді. Бұл қысқы кезеңде автомобиль жолдарын тиісінше күтіп ұстамау фактісі бойынша тұңғыш қылмыстық іс.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15
Өкпе обасы: Еуропа Одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 13:12
Сарапшы: Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
06.10.2026, 13:09
Тамыздағы тасқын кезінде жоғалып кеткен мыңдаған адамды іздеу операциясы аяқталды
06.10.2026, 13:06
Ұстаздық – әулет дәстүрі
06.10.2026, 13:05
Оман Сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті
06.10.2026, 13:00
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21