Семей орманындағы өрттің беті қайтты
«Семей орманы» резерватындағы өрттің беті қайтты. Құтқарушылар әлі де бықсыған оттың ошақтарын сөндіріп жатыр. Тілсіз жаудың кесірінен 370 гектар жер қызыл жалынға оранған. Өртті сөндіруге 800-ге жуық адам, 191 техника және 8 тікұшақ жұмылдырылды. Премьер-министрдің тапсырмасымен Төтенше жағдайлар министрі, Экология және табиға ресурстар министрі өрт аумағына келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге «Семей орманы» аумағындағы өрттің ең күрделі учаскелерін аралады. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жұмыстары түнімен тоқтамады. Техника жетуі қиын жерлерге арнайы жаяу десанттар жіберілген.
Бекасыл Жұмабек, өрт сөндіруші:
Біз қазіргі таңда кешелі бері өрт сөндіріп жатырмыз. Қазір бықсып жатқан жерлерді, арасында қалған оттарды өшіріп жатырмыз. Өртті оқшаулап жатырмыз.
Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:
Бүгін міне, бықсып жатқан жағдайға жеткіздік. Бүгін-ертең бықсыған аймақтарды оқшулағанда ғана өрт сөнді деп есептейміз. Бықсып жанғанды дер кезінде сумен сөндірмесек, шоқтан қайта өрт болуы мүмкін, сондықтан әр бықсыған жерді жою қажет.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06