Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 9 пайызға артты
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 9%-ға артып, 18,7
миллион тоннаға жетті. Оның ішінде елімізге 7 миллион тонна, ал Қытайға 11,7
миллион тонна жүк жөнелтілген. Сондай-ақ кен, астық, мұнай өнімдері, қара және
түсті металдар және жем экспорты да
ұлғайған.
Ішкі нарық толық отандық азық-түлікпен қамтамасыз етілді
Еліміздің ішкі нарығы 100% отандық
өнімдермен қамтамасыз етілді. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы
бойынша елімізде азық-түлік өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 114,7%-ды,
ал сусындар өндірісі 104,4%-ға жетті. Өсім
негізінен ет, сүт және май өнімдері, жарма, макарон, күріш пен көкөніс өндірісінде байқалды.
Соңғы 3 айда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 11 пайызға өскен
Соңғы үш айда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 11,2 пайызға жуық өскен. Елімізде
табыс табумен қатар маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар
көбейіп келеді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал
топтағы өкілдері үшін жұмыс орындарын ашып, түрлі қызметтер көрсетеді.
Оқулықтардағы 700-ден аса қате жаңа оқу жылына дейін түзетіледі
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектеп оқулықтарындағы 700-ден астам қате
мен ескерту түзетіледі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, барлық оқулыққа
қосымша сараптама жүргізіліп, баспалар анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарын
қолға алған. Биыл 30 тамызға дейін 3-сыныптың бірқатар пәндері мен 7-сыныптың
дүниежүзі тарихы оқулығы жаңартылып, мектептерге жеткізіледі. Қалған сыныптардың оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту 2027 жылға
дейін жалғасады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Аргентина тағы да финалда
16.07.2026, 17:33
Оралда ақша бопсалаған күдікті ұсталды
16.07.2026, 17:20
Семей орманындағы өртті әлі сөндіріп жатыр
16.07.2026, 17:17
Ресейде бизнес ₽7,5 триллион шығынға ұшырады
16.07.2026, 17:15
Түркияда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салды
16.07.2026, 17:12
Биылғы ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты
16.07.2026, 17:10
Халықтық Конституция – әділетті қоғам негізі
16.07.2026, 17:07
«Respublica» және ЖСДП партиясының тізімі ресми тіркелді
16.07.2026, 17:05