Басты Жаңалықтар Оралда ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Оралда ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Оралда танысынан 3 млн-нан астам теңге бопсалаған күдікті ұсталды. 35 жастағы ер адам жәбірленушімен былтыр ортақ достары арқылы танысқан. Кейін аралас-құралас боп, бірнеше рет қарызға ақша алған. Кейін тынысы қарыз беруден бас тартқанда, күдікті оған қоқан-лоққы жасап, бірнеше ай ақша талап еткен. Жәбірленуші амалсыздан оған жалпы сомасы 3,3 млн теңге берген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ үш жас жігіт 18 жастағы азаматтың ұялы телефонын күш көрсетіп, тартып алған. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлығы өз кінәларын мойындады. Тергеу барысында ұрланған телефонның қаладағы дүкендердің біріне сатылғаны анықталды. Екі дерек бойынша да Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.


Бөлісу