Ресейде бизнес ₽7,5 триллион шығынға ұшырады
Ресейдегі санкцияға байланысты бизнес 7,5 триллион рубль шығынға ұшырады. Бұл пандемия кезеңінен бергі ең жоғары көрсеткіш. Дағдарысқа тап болған кәсіпорын саны да былтырдан бері 30 пайызға жоғарылаған. 2024 жылы жылы кәсіпкерлердің шығыны 4 триллион рубльдың айналасында болса, 2024 жылы 7 триллион рубльге жетті. Яғни Ресейге қарсы санкция күшейген сайын кәсіпорындардың табысы азайып, банкротқа ұшырауда. Басты себеп шикізат бағасының өсуі, логистикалық тізбектердің күрделенуі және инфляция. Әсіресе металлургия, көтерме сауда, құрылыс салалары қатты зардап шегіп отыр.
Александр Габдрахимов, кәсіпкер:
Әрине, санкция айтарлықтай әсер етті. Бұрын шикізатты тікелей Еуропадан әкелсек, қазір үшінші мемлекет арқылы экспорттауға тура келеді. Бұл тауар құнының қымбаттауына сеп болуда. Оған қоса бұрынғы әріптестеріміз бізбен жұмыс істеуден бас тартты. Сондықтан тауарды кімге сатарымызды білмей, дал боламыз. Өндіріске қажетті техниканы да Қытайдан аламыз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08