ОСК Құрылтай депутаттығына үміткерлердің құжаттарын тексеріп жатыр
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына партия ұсынған азаматтардың құжаттары заңнама талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Үміткерлер туралы толық ақпарат уәкілетті органдарға жолданған. Бүгінге дейін комиссияға 7 саяси партияның тізімдері ұсынылды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 63 кандидат, «Ауыл» партиясы - 69 кандидат, «Әділет» саяси партиясы - 186 кандидат, «Байтақ» жасылдар партиясы - 47 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» - 72 кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» - 33 кандидат, «Respublica» партиясы - 76 кандидат ұсынған. Құрылтай депутаттағынына кандидаттарды ұсыну 13 шілде күні аяқталды. Ал тіркеу жұмыстары 23 шілдеге дейін жалғасады. Сол күні 18:01-ден бастап үгін-насихат жұмыстарын бастауға рұқсат. Науқан тамыздың 21-нен 22-не қараған түні аяқталуы тиіс. 22-і тыныштық күні. 23 тамыз – сайлау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы