Басты Жаңалықтар Мәслихаттарға жаңа өкілеттік берілді

Мәслихаттарға жаңа өкілеттік берілді

Жергілікті мәслихат аппараты басшыларының құзіретіне өзгерістер енгізілді. Тиісті заңға бүгін Президент қол қойды. Енді мәслихат төрағасы: аппарат қызметіне басшылық етеді, мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және қызметтен босатады, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін қарайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, депутаттардың біліктілігін арттыру іс-шараларын ұйымдастыру сияқты міндеттерді атқарады. Ал мәслихаттарға әкімдердің халықпен кездесуінде көтерілген түйткілдерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу нәтижесін қарау, бюджеттік комиссияның жұмысына қатысу, елді мекендерді санитарлық тазарту қағидаларын бекіту, тексеру комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану құқықтары берілді. Аталған заң 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бөлісу