Басты Жаңалықтар Алтын Орда тарихын цифрландыру керек

Алтын Орда тарихын цифрландыру керек

Алтын Орда тарихын заманауи технологияларды қолдану арқылы зерделеу керек.

Алматыда өткен ғылыми дөңгелек үстелде ғалымдар осындай пікір білдірді. Сарапшылар Алтын Орда қалаларын зерттеудің жаңа тəсілдерін талқылап, жасанды интеллект, үшөлшемді модельдеу, лазерлік сканерлеу жəне геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктеріне тоқталды. Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялар археологиялық жəне тарихи деректерді жылдам өңдеп, оларды ғылыми айналымға енгізуге, əлемдік ғылыми қауымдастыққа кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгінде Алтын Ордаға қатысты археологиялық, жазбаша тарихи деректер бір жүйеге жинақталып, жан-жақты зерттеліп жатыр. Ғалымдар бұл жұмыс Алтын Орда дəуірінің тарихын тереңірек тануға, оны сақтауға, келер ұрпаққа заманауи форматта жеткізуге жол ашатынын атап өтті.

Əділхан Байбатша, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор:

Көп деректерді өңдеу үшін компьютер, цифрлық технология болмаса түбіне жете алмаймыз. Алтын Орда туралы жекелеген мəліметтер көп. Археологиялық, тарихи, жазбаша мəліметтері, осының бəрін өңдесе, нəтижесі əлемге тарап кетеді. Цифрлық технологияға нгузі деген тарихи мəліметтерге күш береді, таратуға, осыны барлық адамдар санасына сіңіруге үлкен күш беретін нəрсе.


Бөлісу