Басты Жаңалықтар ІТ маман: Әлеуметтік желіні 12-13 жастан бастап пайдаланған жөн

ІТ маман: Әлеуметтік желіні 12-13 жастан бастап пайдаланған жөн

Балаларға əлеуметтік желіні 12-13 жастан кейін ғана пайдалануға рұқсат берген дұрыс. Себебі буыны қатпаған бүлдіршіндер өздерінің киберқауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды. Салдарынан интернетте кибербуллингке, алаяқтардың арбауына, зиянды ақпаратқа тап болуы мүмкін, - дейді мамандар. Сондай-ақ банк картасының деректерін балалар тұтынатын құрылғыда сақтамауға жəне қаржылық мəліметтерді енгізбеуге кеңес береді. Бұған қоса арнайы бағдарламалық шектеулерді қолдану да қауіпті азайтуға көмектеседі. Ал 12-13 жасқа дейін балалар əлеуметтік желіні емес, ата-анасының бақылауымен білім беру платформалары мен оқу сайттарын пайдаланғаны тиімді. IT мамандардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздік мəдениетін ерте жастан қалыптастырғанда ғана жасөспірімдерді интернеттегі қауіптен қорғай алады.

Жұлдыз Кәлпиева, ІТ маман:

Əртүрлі сайттар бар ғой. Оқу құралы ретінде пайдаланатын. Əрине ол сайттарда қаражат негізі ретінде қызметін жүргізеді. Жарнама алуға тура келеді. Ол жарнаманың да дұрысы бар дұрыс емесі бар. Сондықтан əр сілтемені басып кіре беруге болмайды. Ақпараттандыру жұмыстарын дұрыс жеткізу керек. Əрине оған қосымша инструменталдық, бағдарламалық шектеулер орнатқан дұрыс. Сол екеуі қоса жүргенде ғана нəтиже болады деймін.


Бөлісу