Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында күрежолдың 9 шақырымы жөнделіп жатыр

Қызылорда облысында күрежолдың 9 шақырымы жөнделіп жатыр

Қызылорда облысы, Арал ауданында күрежол жөнделіп жатыр.

Республикалық маңыздағы автожолдың 9 шақырымнан астам асфальт жабындысы сүріліп қайта салынады. Мердігер мекеме уақытша жабылған учаскелерді күзге дейін жөндеп бітіруді көздеп отыр.

Бұл еліміздің батысына апаратын үлкен автодəліз. Арал аумағында соңғы жылдары жолдың жабындысы бұзылып, сапасы сын көтермейтін жағдайға жеткен еді. Биыл күрделі үш учаске жөнделуде. Жоба бойынша жолдың төменгі қабатына дейін қайта нығайтылып, үш қабат асфальт түседі. Қазір соның біріншісі салынып жатыр.

Қази Башаров, техникалық қадағалаушы:

Асфальттың келген кезде 165 градусста келіп жатыр. Одан кейін мына қалаңдығын, тығыздығын тексеріп, подрячный уклондарын бəрін тексеріп қатаң қадағалау үстіндеміз.
Негізгі трассада жөндеу жүріп жатқан соң, авткөліктерге айналма жол қаралған. Үш учаскеде де арнайы белгілер қойылып, жанынан уақытша қатынайтын жол салынды. Аптап ыстықта жүргізушілерге қолайсыздық туғызбау үшін мамандар кезекшілік қойып, көліктер жолда қалса, көмек беруге əзір.

Нұрбол Динаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ бөлім басшысы:
Ол айналма жолды да мердігер мекеме күтіп ұстайды, су себу қоқыс теру деген сияқты жұмыстарды. Үш учаске кезең-кезеңімен өз уақытында пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстарына 65 арнайы техника жұмылдырылып, жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр. 9 шақырымнан аса жол күзде пайдалануға берілмек.

Əділбек Серікұлы, тілші:

Бүгінде оңтүстіктен батысқа транзиттік қатынас артқан. Күніне 10 мыңнан аса көлік осы күрежолмен жүріп өтеді. Президент тапсырмасымен Қызылорда мен Ақтөбе аралығындағы екіжолақты автожолды төртжолаққа кеңейту жұмыстары басталып кетті. Бұл еліміздің көлік логистикасын жақсартып, жол қауіпсіздігіне үлкен сеп болмақ.


Бөлісу