Алматыдан Қаскелеңге дейінгі жол 8 жолаққа кеңейеді
«Алматы – Қаскелең» тасжолы 8 жолаққа дейін кеңейтіледі. Бұл мəселе Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Үкімет басшысы мердігерге осы аптаның соңына дейін қажетті техника мен жұмыс күшін толық əзірлеп, жол құрылысын 20 шілдеде бастауды тапсырды. Мамандардың айтуынша, «Алматы – Қаскелең» маршрутымен тəулігіне орта есеппен 60 мың көлік жүреді. Жиында Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзге жобалар да қаралды. Атап айтқанда, Ұзынағаш бағытына балама жол салу, Алматы – Есік жəне Алматы – Талғар бағыттарындағы жолдарды жаңғырту, сондай-ақ метро мен рельсті көлік желісін дамыту мəселелері талқыланды.
Төлеген Абдуллин,
ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, біз келесі аптадан бастап «Алматы – Қаскелең» жолын жаңғырту жұмыстарын бастаймыз. Екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Нəтижесінде аталған учаскенің өткізу қабілеті 2 есе артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау жəне пайдалануға беру 2027 жылғы желтоқсан айына жоспарланған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17