Елімізде құрастырылған экоавтобус Германияға экспортталды
Елімізде құрастырылған алғашқы электрлі автобустар Германияға экспорттала бастады. Алматыда орналасқан зауыт бірінші партиядағы 52 автобустың өндірісін аяқтады. Соның алғашқы бесеуі кедендік барлық рәсімнен өтіп, кезең-кезеңімен Берлинге жөнелтілді. Кәсіпорын бүгінде Сауд Арабиясы, Катар, Пәкістан, Грузия және Өзбекстанмен де экспорттық келісімдер жасаған. Алдағы уақытта Пәкістанға - 600, Өзбекстанға - 550, Грузияға - 200 автобус жеткізу жоспарланған.
Мұрат Әділханов, ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы:
6 метрлік, 9 метрлік, 12, 18 метрлік туристік автобусымыз бар. Аэропортқа арналған автобусымыз бар, әр сұранысқа байланысты таулы жерлерге, қалааралық, көшелерге байланысты, қаланың көлемдеріне байланысты біз әр өлкеге автобус жабдықтау жоспарлаған болатынбыз. Соның арқасында Еуропалық Грузия елі де үлкен қызығушылық танытып, жіберуді жоспарлап жатырмыз.
Бұл жоба Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен іске асуда. Бағдарлама отандық кәсіпорындар өнімін шетелге шығаруға және жаңа серіктестер табуға көмектеседі. Соның арқасында қазақстандық тауарлардың нарығы кеңейіп келеді,-дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы