Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қатар Әмірімен кездесті

Мемлекет басшысы Қатар Әмірімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Әкесінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамадтың Қатардың өсіп-өркендеуіне, әлемдік беделінің нығаюына сіңірген еңбегіне тоқталды. Президент шейх Хамадтың қолдауымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына ықпал еткенін еске алды. Өз кезегінде Қатар Әмірі көңіл айту үшін арнайы келгеніне ризашылығын білдіріп, Қазақ пен Қатар халқын жақындастыратын байланыстардың берік екенін жеткізді. Кездесуде халықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Шейх Хамад шақыруды қабыл алды.


Бөлісу