Ел экономикасы алты айда 4,1 пайызға өсті
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Үкімет басшысының мәліметінше, жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өскен. Өсім өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында байқалған. Олжас Бектенов экономиканы әртараптандыру жоспарын таныстырды. Биыл өндіріс саласында 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жол инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы және ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасады. Премьер-министрдің айтуынша, осы кезеңде ел экономикасына 9,5 триллион теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі артқан. Сондай-ақ кейбір әлеуметтік төлемді оңтайландыру арқылы жылына 800 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеу жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы