Басты Жаңалықтар Аралда бірнеше өндіріс орны ашылды

Аралда бірнеше өндіріс орны ашылды

Қызылорда облысы Арал ауданында мотоцикл құрастыру кәсіпорны ашылды. Онда жеңіл техниканың бірнеше түрі шығады. Өңірдегі өзге де инвестициялық жобалар жайлы тілшіміз Әділбек Серікұлы рет-ретімен тарқатады.

Арал өңірінде түйе шаруашылығы өркендеген. Ойсылқара төлін өсіріп келген аудан енді оның сүтін терең өңдеуді қолға алды. Жеке инвестор жобаға 3 млрд теңге қаржы құйған. Зауытта күніне 20 мың литр сүт қондырғыларда құрғатылып, ұнтақ күйінде шығады. Өнімнің басым бөлігі Қытайға экспортталмақ.     

Нұғырбек Абулғазин, инвестор:

Ең соңғы технология деп айтсақ артық емес. Оның құрамында қандай минералдар бар, қандай витаминдер бар 99,9 пайыз сақталады. Кептіру технологиясы дейді. Ол құрғатады.

Аудан үшін тағы бір маңызды жоба  мотоцикл құрастыру зауыты. Конструкторлар жеңіл техниканың қуаттылығына қарай бірнеше түрін шығарып жатыр. Негізгі бөлшектері Қытайдан жеткізіледі. Мотоциклдардың алғашқы легі ел нарығына шығып үлгерді, жан-жақты сұраныс бар.  

Ханбек Қуанғали, кәсіпорын жетекшісі:

Ішкі істер министрлігінен және шекара қызметінен 1000-дық квадроциклге сұраныс боп жатыр. Жобамызда сол квадроцикл шығару. Одан басқа электрлі скутерлерді шығару жоспарлануда.
Арал қаласының индустриалдық аумағында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіретін жаңа кәсіпорын ашылды. Жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Мұнда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі тұз өндірісін көріп, жұмысшылардың бастамасына қолдау білдірді.


Бөлісу