Астананың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ₸16,2 млрд бөлінді
Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 миллиард теңге бөлді. Қаражаттың басым бөлігі қаланың кәріз жүйесін жаңғыртуға жұмсалады. Қолданыстағы кәріз коллекторы қайта салынып, тазартылған ағын суларды Есіл өзеніне жеткізетін жаңа желі тартылады. Сондай-ақ тағы 7,5 миллиард теңге энергетика саласына бағытталды. Жаңа қосалқы станса салынып, екінші жылу электр орталығының турбоагрегаты жаңартылады. Нәтижесінде электр желілеріне түсетін жүктеме азайып, 80 мыңға жуық тұрғын тұрақты электрмен қамтылады. Сонымен бірге жаңа мектептер, емханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды іске қосуға мүмкіндік бар.
Мақсат Есмағұлов, қалалық энергетика басқармасы басшысының орынбасары:
Аталған жұмыстар бізде жыл сайын өзінің жалғасын табуда. Яғни жыл сайын әкімдік тарапынан жаңа энергетикалық объектілерді реконструкциялау, сонымен қатар қосымша жаңа объектілерді іске қосу бойынша үлкен жұмыстар іске асырылады. Аталған турбиналарды модернизациялау - сол жұмыстардың бірі. Оны жасағаннан кейін біздерде қосымша екінші ТЭЦ-тен 30 мегаватт қуат алуға мүмкіндік аламыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04