Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік өзгереді
2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады. Егер салымшы зейнетақы жинағын басқарушы компанияға өзі берсе, онда алдағы табыс пен тәуекелдерді және басқару шарттарын бағалап, инвестициялық шешімді дербес қабылдайды. Ал шығын үшін мемлекет өтемақы төлеуге міндетті болмайды. Десе де, мемлекеттік кепілдік біржолғы өтемақы және ұзақ мерзімде зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне айтарлықтай әсер етпейді. Сондықтан оны сақтау зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі кепілі емес. Өзгерістер мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты жауапкершіліктен бас тартатынын білдірмейді. Активтерді бұрынғыдай бақылауда ұстайды, делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы