Халықтық Конституция - азаматтардың ақысыз медициналық көмек алуының кепілі
Конституцияда азаматтардың заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ақысыз медициналық көмек алуына кепілдік берілген. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік тексерудің тізімін кеңейтіп, қолжетімділік артты.
Бұрын онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша әйелдер ғана жіті тексеруден өтсе, енді ерлер кабинеті де қатар жұмыс істейді. Ең маңызды өзгеріс ол үшін медициналық сақтандыру талап етілмейді. Мәселен, Қызылорда қаласындағы №6 емханада жыл басынан бері 22 мыңға жуық адам скринингтен өткен.
Асылбек Ахметияұлы, қала тұрғыны:
Мысалы мен бүгін скринингтен өтіп, бітіріп тұрмын. Ішкі-құрылысын бәрін УЗИ-ге түсіріп. Одан кейін, жүректің ЭКГ-ға тегін. Одан кейін жаңадан тағы бір УЗИ шығыпты инсультке қарсы мынау мойындағы күретамырды түсіріп, соны тексеру ол да бізге тегін екен.
Әйелдерге 30 жастан бастап ақысыз скринингтен өту міндеттелсе, ер азаматтарға 40 жастан өтеді. Соңғы жылдары халықтың медициналық көмекке жүгінуі артқан. Яғни, тұрғындар емхналардың шақыртуына бей-жай қарамай, түрлі аурулардың алдын алу үшін скринингтік тексерулерден тұрақты өтіп келеді. Заман талабына сай медициналық қызмет көрсетудің сапасы да арта түскен.
Раушан Манатқызы, қалалық №6 емхана бас дәрігерінің орынбасары:
Терең зерттеулерден өту. Яғни, треклицирид анализдерін тапсыру, ЛПНП анализдерін тапсыру немесе глекрзированный гемоглабин анализдерін тапсыру. Және де жас ерекшеліктеріне байланысты жастарының ұлғаюы. Жетпіс жастан 76 жасқа ұлғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы