Еуропалық Одақ Қазақстандағы реформаларды қолдайды
Еуропалық Одақ Қазақстандағы соңғы реформаларды қолдап, біздің елмен өзара ынтымақты онан әрі нығайтуға бейіл. Бұл туралы Брюссельде Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастығының өзекті мәселелерін тақылауға арналған басқосуда мәлім болды. Шара еліміздің Бельгиядағы елшілігінің «Шаңырақ диалогтары» пікірталас алаңы аясында ұйымдастырылды. Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға жасаған ресми сапарының жемісті өткенін, жалпы құны 12 млрд доллардан асатын 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылғанын атап өтті. Соңғы реформалар Қазақстандағы заң үстемдігін нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіреді.
Дитмар Крисслер, Еуропалық Сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бойынша бөлімінің басшысы:
Күшіне енген Жаңа Конституцияларыңыз құтты болсын. Қазақстанның саяси реформалары жайлы жақсы хабардармыз. Бұл өзгерістер Қазақстан азаматтарының елдегі саяси процестерге қатысуын күшейтеді. Әрі биліктің жауапкершілігін арттырып, Қазақстанның демокртиялық мемлекет болудағы қадамын сәтті етері сөзсіз. Еуропалық Одақ осы реформалардың тиімді жүзеге асуына тілектес.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06