Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Пхеньян ядролық арсеналын күшейтпек

Солтүстік Корея ядролық арсеналын сан және сапа жағынан күшейту туралы шешім қабылдады. Бұған қоса әскери инфрақұрылымды түбегейлі модернизациялау да көзделген. Тиісті нұсқау Корея Еңбек партиясының орталық әскери комитетінің кеңейтілген отырысында бекітілді. 

Орман өртінен 11 адам қаза тапты

Испанияның Альмерия провинциясында орман өртінен 11 адам қаза тапты. Олардың 4-еуі - Британия азаматы. Тағы 19 адам жоғалып кеткен.  Марқұмдардың бір бөлігі ресми эвакуация бағытымен жүруден бас тартып, басқа жолға түсіп, түтін арасында адасып кеткен. 

Аяқ киім фабрикасында болған өрттен 28 адам қаза тапты

Қытайдың Фуцзянь провинциясында аяқ киім фабрикасына алапат өрт шығып, 28 адам қаза тапты. Өрт өндірістік ғимараттың бірінші қабатында тұтанған. Қазір апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған. 

«Бави» тайфунына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Жапонияға «Бави» тайфуны жақындап келеді. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланды. Дүлей дауыл Окинава аралына қарай 162 шақырым жылдамдықпен жүйіткіп барады. Мұнда жүздеген ғимарат электр жарығынсыз қалған. Билік екпінді жел тұрып, нөсер жауын жауып, су тасқыны жүруі мүмкін екенін ескертті. Бұған қоса екі күнде 100-ден аса ұшақ рейсі кейінге қалдырылған.

Бөлісу