ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
Бүгін шығыстағы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі басталды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастыратын дәстүрлі шара түбі бір түркі жұртының рухани құндылығын ұлықтауға арналған. Фестивальдің қалай өтетінін осы өңірдегі тілшіміз Олжас Керейханнан білейік?
Олжас Керейхан, тілші:
Биылғы фестивалдың ауқымы айтарлықтай кеңейді. Димаш Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сондықтан Алтайдың аясына әлемнің түкпір-түкіпірінен туристер толассыз келіп жатыр. Бас аяғы екі күнге созылатын фестивальде ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдық мерейтойы тойланады. Ақынның туған ауылы Берелде «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» поэзия фестивалі өтеді. Онда еліміздің бірнеше өңірінен және шығыстың өз шайырлары Алтайдың түңгі аспанын жырға бөлеп, өлең оқиды. Ал ертең «Ақтанымын Алтайдың» атты ақындар айтысы өтеді. Сонымен қатар бірнеше қашықтыққа бәйге шабады. Тақымы мықты жігіттер көкпар тартады. Облыстағы әр аудан, қаласы тіккен кигіз үй маңында қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылады. Фестиваль соңы түркі мемлекеттерінің белгілі өнер жұлдыздарының гала концертімен түйінделмек. Оған Димаш Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылды. Ол да ән шырқайды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07