Ел жаңалықтарына шолу
Келесі аптада грант конкурсына құжат қабылдайды
Бүгін ел бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу аяқталады. Ал дүйсенбіден бастап
мемлекеттік білім беру гранттарына құжат қабылдау басталады. Талапкерлер
өтінімді жоғары оқу орындарына барып не болмаса eGov.kz порталы арқылы онлайн
тапсыра алады. Нақты мерзімі: 13 шілде сағат 09:00-ден 20 шілде сағат 18:00-ге
дейін. Конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.
Балаларға арналған кітап қоры 7 млн-нан асты
Елімізде балаларға арналған кітап қоры 7 миллионға жетті. Ал тұрақты оқырман
саны 1 миллион 700 мыңнан асты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
баспасөз өкілдері хабарлады. Қазір республика бойынша балалар мен
жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді.
Министрлік биыл кітапханалар қорын тағы 42 мың жаңа кітаппен толықтыруды
жоспарлап отыр.
35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілді
Биыл 5 айдың ішінде Қазақстанда 35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілген.
Ұлттық статистика бюросының өкілдері берген ақпарат бойынша өндірістің ең
жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі. Мамыр айына дейін 23 300 тонна балмұздақ немесе жалпы өндірістің
66,3% шығарған. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы мен
Ақмола облысы бар. Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі кілегейлі балмұздақ пен
пломбир.
Ауыр атлетіміз Әлем чемпионатында қола медаль ұтты
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол жұлқа көтеру жаттығуында 142, серпе көтеуде 162 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 304 келіні еңсерді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Франция жартылай финалға өтті
10.07.2026, 17:35
Ақмола облысында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дәрі оқылды
10.07.2026, 17:33
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
10.07.2026, 17:30
Түркістан облысында астық орағы қыза түсті
10.07.2026, 17:28
Шымкентте 4 мың азамат алимент төлемей жүр
10.07.2026, 17:24
Ресейде ЖОО түсу қиындады
10.07.2026, 17:22
Жапонияда тайфунға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10.07.2026, 17:21
Испаниядағы өрттен 11 адам қаза тапты
10.07.2026, 17:20