Бокстан Азия чемпионаты аяқталуға жақын

29.01.2014
Бокстан Азия чемпионаты аяқталуға жақын
Бір күндік үзілістен кейін Тайландта өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер басталды. Шаршы алаңға 9 жерлесіміз шығады. 
 
49 келі салмақ дәрежесінде Ертуған Зейнелов жергілікті спортшы Наринрам Тианмен жұдырықтасса, 52 келіде Иван Ковалев үндістандық Соланки Говрафпен кездеседі.
 
56 келі салмақта Сұлтан Зауырбек қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлымен, 60 келіде Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Фазилдин Мелибоевпен өзара мықтыны анықтайтын болады.
 
Аян Қалибеков 64 келіде Тай елінің үміті Киткеат Пантианмен бокстасса, 69 келіде Илья Очкин өзбекстандық Бектемір Меликузиевпен финалдық жолдама үшін барын салмақ.
 
81 келіде Вадим Казаков тайландтық тағы бір боксшы Прадермид Пардонмен, ал 91 келіде Темірлан Қабиев сириялық Альбарак Самермен қолғап түйістіреді. Аса ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаевтың қарсыласы өзбекстандық Шохурбек Еркінов атанды.

Хабарламаларға жазылу