Басты Жаңалықтар Стандартқа сай емес 867 партия өнімнің сатылуына тыйым салынды

Стандартқа сай емес 867 партия өнімнің сатылуына тыйым салынды

Қауіпсіздік талаптарына сай келмеген 867 партия өнімнің сатылуына тыйым салынды.  Бұл туралы  Техникалық реттеу және метрология комитетінің брифингінде мәлім болды.  Жыл басынан бері елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік бақылау жүргізілген. Тексеру нәтижесінде стандартқа сәйкес келмеген тұрмыстық электр тауарлары мен өзге де өнімдердің саудаға шығарылуына шектеу қойылды. Сондай-ақ мерзімінде тексерістен өтпеген таразылар, термометрлер және қан қысымын өлшейтін құралдар анықталды. Жалпы, 42 мыңнан астам растау құжатының күші жойылып, заң талаптарын бұзғандарға 186 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.  Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бақылаудың басты мақсаты – тұтынушыларды сапасыз әрі қауіпті өнімнен қорғап, ішкі нарыққа тексерілген тауардың ғана шығарылуын қамтамасыз ету.

Бауыржан Қасымов, Сауда және интеграция министрлігі комитет төрағасының м.а.:
Абай облысында Defender және SMART маркалы желілік сүзгілерді өткізуге тыйым салынды. Мысалға, ол жерде 250 вольт көрсетілген. Бірақ тексеріс нәтижесінде 230 екені анықталды. Бұл өрт қаупіне әкелуі мүмкін.


Бөлісу