Басты Жаңалықтар Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыру сұралды

Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыру сұралды

Атырауда бір отбасын қырып салған қанды қылмыс бойынша прокурор Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ күдіктінің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Мемлекеттік айыптаушылардың мәліметінше, әйелдің қанды қылмысты жасырғаны толық дәлелденбеген. Алматыда жүргізілген сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау жүргізу және қосымша дифференциалдық диагностика қажет деп танылған. Қазір ол тиісті ем қабылдап жатыр. Ал сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев жарыссөзде өз кінәсін мойындады. Бірақ өкініш білдірмеді. Кез келген жазаға дайын екенін мәлімдеді. Айта кетейік, күдікті мен оның бұрынғы әйелі Индонезияда ұсталғаннан кейін екеуіне де «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты адам өлтіру айыбы қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды.

Мирас Бауыржанов, Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры:
ҚК 58-бабының 4-бөлігі негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар негізі бойынша Сәрсемалиев Сұлтан Самиғоллаұлына түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. ҚК 46-бабы 5-бөлігі 4-тармағына сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздіктегі мекемесінде өтеу тағайындалады.


Бөлісу