Басты Жаңалықтар Агрессор адамдарға психологиялық түзету бағдарламалары енгізіле бастады

Агрессор адамдарға психологиялық түзету бағдарламалары енгізіле бастады

Елде отбасылық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға арналған психологиялық түзету бағдарламалары енгізіле бастады. Енді тек жәбірленушіні қорғауға емес, озбырлықтың түпкі себептерін жоюға да  назар аударылып отыр. Астанада өткен баспасөз конференциясында осы жұмыстың алғашқы нәтижелері таныстырылды. Жоба Бас прокуратураның бастамасымен «Дағдарыс орталықтары одағы» мен Фридрих Эберт атындағы қордың бірлесуі аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама агрессияға бейім мінез-құлықты өзгертуге, эмоцияны басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық зерттеулер мұндай түзету курстары тұрақты жүргізілсе, қайталама құқық бұзу қаупі 60–80 пайызға дейін төмендейтінін көрсетеді. Биыл елімізде мыңнан астам құқық бұзушыға медициналық ұйымдарда психологиялық түзету курсынан міндетті түрде өту тағайындалды. Бұл былтырмен салыстырғанда 21 есе көп. Мамандардың пікірінше, пилоттық жоба әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Снежанна Иманшева, ҚР Президенті жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл:
Зорлық-зомбылықтың түрлі себептері болады. Экономикалық, әлеуметтік және психологиялық. Бұл егерде нақты осы психологияға байланысты болса, агррессивті өз-өзін ұстай алмайтын. Әрине бұл психологтың жұмысы. Психологтар өте қатты бейімделген мұндай мәселелермен айналысуға. Мінезі өзгерген азаматтар аз емес.


Бөлісу