Қазақстан инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
Қазақстан инвесторлармен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиында Үкімет пен халықаралық бизнес өкілдерінің әріптестігін күшейту, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды. Премьер-министр жаңа Конституция мен жүргізіліп жатқан реформалар елдегі құқықтық тұрақтылықты нығайтып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыратынын айтты. Үкімет сонымен қатар цифрлық трансформацияны жеделдетіп, инвесторлармен ашық әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Президенттің саяси бағытына деген қоғамдық қолдау – реформаларды алдағы уақытта да табысты жүзеге асырудың маңызды факторы. Осылайша, жаңа конституциялық модель мен орнықты реформалар бағыты экономикамызды одан әрі жаңғыртуға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз болып отыр. Құрметті әріптестер, жаңа Конституция аясында Сіздермен арадағы қарым-қатынасымыз да жаңа даму кезеңіне қадам басты. Елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға қуатты серпін беретініне сенімдімін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04