Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Австралияда мыңдаған абонент байланыссыз қалды

Австарлияда мыңдаған абонент байланыссыз қалды. Ең ірі телекоммуникация операторы Telstrа мұның себебін анықтап жатыр. Компанияның қаржы директоры Майкл Аклендтің айтуынша, кибершабуыл немесе қасақана араласу болмаған, тергеу жүріп жатыр. Ақауға байланысты желісіз төлем жүйелерінің жұмысы үзіліп, пойыз қатынасы тоқтап қалды. Соңғы мәліметтерге сай, қызмет көрсетулердің 90 пайызы қалпына келген. 

Дания премьер-министрі: Гренландия сатылмайды

Гренландия, әрине, сатылмайды. Түркия астанасы Анкарадағы НАТО саммитінде Дания премьері Метте Фредериксон осылай деп мәлімдеді. Ол Копенгагеннің бұл мәселедегі ұстанымы айқын екенін жеткізді. Мұның алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Гренландияны бақылауға алуға ниетті екенін қайтара айтқан еді. Ал мамырда Трамптың Гренландия бойынша арнайы уәкілі АҚШ аралды тәуелсіз мемлекет ретінде көргісі келеді деп мәлімдеді.

Қытай «Бави» тайфунына дайындалып жатыр

Қытайдың Тайвань аралына "Бави" дауылы ойысып бастады. Дүлей дауылдың күші бәсеңдемей, сағатына 21 шақырым жылдамдықпен жылжып барады. Метеорологтар жұманың кешінен бастап жауын-шашын күшейе түсетінін ескертіп отыр. Онсыз да Қытай мұның алдында соққы берген "Майсак" тайфунының салдарымен күресіп жатыр.  Табиғи апаттан 17 адам қаза тауып, бірнеше тұрғын жоғалып кетті. Құйын көтеріліп, су тасып, екпінді жел тұрған.  

Нью-Йоркте зәулім ғимарат құлауы мүмкін

Нью-Йоркте қайта жөндеуден өтіп жатқан 37 қабатты ғимарат құлауы мүмкін. Оның бағандары майысып, жарық пайда болып, бірнеше қабаты опырылайын деп тұр. Бұрын бұл ғимарат "Пфайзер" компаниясының штаб-пәтері болған екен. Соңғы уақытта оны тұрғын үй кешеніне айналдыру бойынша жұмыс жүріп жатқан.  Құрылысшылардың айтуынша, ғимарат бағандарына қосымша жүктен салмақ түскен болуы мүмкін. Қауіпсіздік шарасы ретінде жақын маңдағы қонақүй, кәсіпорындар, тұрғын үйлер мен мектептерде болған адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, айналадағы жолдар жабылды. 


Бөлісу