АҚШ пен Иран арасындағы бітімге қауіп төнді
АҚШ Иранға қарымта соққы берді. Өткен түнде екі ел әскерилері бір апта бітімнен соң бір-біріне қайта оқ жаудырған. Мұның алдында Тегеран Оманның аумақтық суында үш сауда кемесіне шабуыл жасаған еді. АҚШ Тегеранға мұнай сатуға рұқсат беретін лицензияны кері қайтарды. Жауап ретінде Иран Кувейт пен Бахрейндегі америкалық әскери базаларға соққы берген. Ислам революциясы сақшыларының корпусы 85 әскери нысан көзделгенін мәлімдеді. Осылайша онсыз да осал уақытша бітімге қайта қауіп төнді.
Түркиядағы НАТО саммитінде жүрген АҚШ президенті Дональд
Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимі күшін жойды деп мәлімдеді. Бұдан соң
әлемдік мұнай бағасы қайта өсе бастады.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Олардың есі дұрыс емес. Біз жерлеу рәсімін жасауға рұқсат бердік. Ал олар зымырандармен кемелерді ата бастады. Біз өткен түнде оларға жойқын соққы бердік. 20, 10 есе күшті. Олар бізге шабуыл жасаса, біз де үнсіз қалмаймыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15