Басты Жаңалықтар Бас прокуратура сайлау туралы заң талаптарын сақтауға шақырды

Бас прокуратура сайлау туралы заң талаптарын сақтауға шақырды

Бас прокуратура алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство саяси науқан кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Президент жарлығына сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Қазір 23 шілдеге дейін партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу кезеңі жүріп жатыр. Бұл уақытта  қандай да бір үгіт жүргізуге заңмен тыйым салынған. Сайлауалды насихат жұмыстары 23 шілде күні кешкі сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің айтуынша, сайлаушыларға тегін тауар тарату, ақша беру немесе уәде ету, қайырымдылық акцияларын өткізу секілді жасырын насихат түрлері де заңға қайшы. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратпауы тиіс. Ал қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялау кезінде заңда белгіленген барлық талап сақталуы қажет.

Бөлісу