Павлодардағы ескі көпір қала тұрғындарының демалыс орнына айналады
Павлодардағы ескі көпір сүрілмей, халық игілігіне қызмет етуі мүмкін. Премьер-министрдің бірінші орынбасары өткелді қала тұрғындарының демалыс орнына айналдыруды ұсынды. Ертістің қос жағалауын жалғайтын жаңа төрт жолақты көпірдің құрылысы екі жыл бұрын басталған. Ұзындығы 690 метр болатын нысан Қазақстандағы бірінші санаттағы алғашқы көпірлердің бірі болмақ. Аванттық жүйе қолданылғандықтан, өткелге түсетін салмақ біркелкі бөлінеді. Бірегей құрылысты жүзеге асыруға 200-ден астам адам жұмылдырылған. Ал бұрынғысы 60 жыл бұрын салынды. Тозып тұр. Ауыр жүк көліктерінің жүруіне рұқсат жоқ. Жаңасы пайдалануға берілген соң ескісі бұзылады деп жоспарланған. Оған бюджеттен тағы 8 млрд теңге бөлу қарастырылған еді.
Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Мына көпірді халық демалатын әдемі бір демалыс орнын жасап берейік. Әдемі дүниені бұзып, 8 миллиардты бұзуға жұмсағанша осыны жөндеуге жұмсаса, керемет қой.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы