«Ұлттық қор – балаларға»: 63 миллион доллар қайда жұмсалды?
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандық жастар екі жарым жылда 63 миллион долларға жуық қаражатты игерді. 333 мыңнан астам өтініш мақұлданған. Ең көп қаржы баспана мәселесін шешуге бағытталса, екінші орында – білім алу. Балалар өз үлесін нақты қандай мақсаттарға жұмсап жатыр?
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Бағдарламамен берілген қаржының басым бөлігі баспана мәселесін шешуге жұмсалып жатыр. Ең көп таңдалған бағыт - тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру. Осы мақсатта 211 мыңнан астам өтініш мақұлданып, 40 миллион доллар қаражат аударылған. Ипотеканың бастапқы жарнасын төлеуге 1,5 мыңнан аса өтініш мақұлданып, 270 мың долларға жуық қаржы пайдаланылды. Ал тұрғын үйді сатып алу кезіндегі соңғы есеп айырысу үшін мың өтініш қабылданып, 180 мың долларға жуық қаражат аударылған. Жалпы, 63 миллион доллардың 41 миллион доллары тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Қаражаттың екінші бөлігі білім алуға жұмсалған. Ең көп қаржы еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орындарының оқу ақысын төлеуге бағытталған. Осы мақсатта 108 мың өтініш мақұлданып, 20 миллион доллардан астам қаражат пайдаланылған. Бұдан бөлек, білім беру жинақ депозитін толықтыру үшін 6 мың өтініш қабылданып, 900 мың долларға жуық қаражат аударылды. Ал шетелдік оқу орындарының ақысын төлеуге 1,3 мыңнан аса өтініш мақұлданып, 335 мың доллар қаржы жұмсалған. Осылайша, білім алуға жалпы 22 миллион долларға жуық қаржы бағытталды.
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Бұл бағдарлама бойынша әр балаға Ұлттық қордан қаражат 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын есептеліп отырады. Осы уақыт ішінде жинақ инвестициялық табыс есебінен көбейеді. Ал кәмелет жасына толғаннан кейін ғана қаржыны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға пайдалануға болады. Егер қаражат игерілмесе, ол 10 жыл бойы сақталып, кейін ерікті зейнетақы шотына аударылады. Биыл әр балаға 130 доллар 71 цент есептелді. Қазір бағдарламаға 7 миллионға жуық бала қатысып отыр. Жинақты eGov, eGov Mobile немесе банк сервистері арқылы тексеруге болады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан ЖИ бойынша жаһандық комиссияға мүше болды
08.07.2026, 20:12
Конституциялық Соттың түсіндірмесі нормативтік құқықтық сипатқа ие
08.07.2026, 20:12
Ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды
08.07.2026, 20:11
Конституциялық Соттың түсіндірмесі құқықтық талаптарды нақтылайды
08.07.2026, 20:11
Құрылтай сайлауы: Конституциялық негіздер және саяси трансформация
08.07.2026, 20:08
Алматыда жастар жобаларына 5 млн теңгеге дейін қолдау көрсетіледі
08.07.2026, 20:08
Сайлаушыларды тізімге енгізу қалай жүргізіледі?
08.07.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
08.07.2026, 20:05