Қыркүйекке дейін қысқы маусымға дайындық аяқталуы тиіс
Өңірлердегі қысқы маусымға дайындық жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Үкімет бұл мақсатқа жеткілікті қаржы бөлді. Соны дер кезінде игере алмаған басшылар қатаң жауапқа тартылады деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жылу маусымына дайындыққа қатысты Павлодарда өткен аймақаралық жиында. Ол алдымен Екібастұз және Павлодар қаласындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады.
Екібастұздағы қуат өндіретін кәсіпорындар қала іргесінен қазылатын қара көмірді жағады. Богатырьда 6,5 мың адам жұмыс істейді. Жылына 42 млн тонна көмір шығарады. Ал 2032 жылы 59 млн тоннаға жуық қара отын өндірмек. Үш жыл бұрын қаланы қатырып тастай жаздаған Екібастұз жылу электр орталығы мемлекет меншігіне қайтарылды. Содан бері жылумен жабдықтау жүйесін толық жаңарды. Бұл - жолға қажетті жабдықтардан бастап, вагон жасайтын елдегі ең ірі холдинг. Кәсіпорын ішкі нарықтан бөлек өнімді экспортқа шығарады. Нұрлыбек Нәлібаев отандық үлесті арттыру және өндірісті әртараптандыру қажеттілігін айтты.
Соңғы бір жылда Екібастұз аумағында екі ферроқорытпа зауыты ашылды. Қазір үшіншісі салынып жатыр. Жылдық қуаттылығы 460 мың тонна ферросилиций. Екі мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Екібастұз аумағындағы серпінді жобалардың бірі МАЭС-3 құрылысы.
Болат Аманбаев, тілші:
Үшінші қуат өндіруші кәсіпорынды салу Кеңестік заманда жоспарланған екен. Бірақ іске аспай қалған. Мына жартылай салынған мұржа соның көрінісі. Бұл жоспарды енді Тәуелсіз Қазақстан үкіметі іске асырады. 2019 жылы бірінші кезеңі стансаның іске қосылады. Ал 2032 жылы төрт энергоблоктан тұратын станса толық қуатында жұмыс істеуге кіріседі.
Стансада 4 энегоблок болады. Олардың әрқайсысы 660 МВт-тық. Яғни, кәсіпорын 2640 МВт қуат өндіреді.
Мадияр Саттыбаев, мердігер компанияның бас директоры:
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігін қамткамасыз ету бағытындағы жоба болып саналады. Бұл жобаның құрылысы саласын 2027 жылы 1 желтоқсанда бастағалы жатырмыз. Сегіз мыңнан он мың жұмысшы арасында жұмыспен қамтитын боламыз. Қазіргі деңгейде алаңды дайындау, жер телімдерін бастап жатырмыз, техникалық құжаттарды алып жатырмыз жобаға, сол жұмыстар жасалып жатыр.
Ал Павлодар қаласында инженерлік-коммуналдық желілерді жаңарту жұмыстарына баса назар аударылды.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі:
Бірінші жоба бойынша жылу желілерінің 98 пайызы тозған. Бұл диаметрі 59-дан бастап 530-ға дейінгі құбырлар. Екінші жоба Усолка шағын ауданында. 78 көпқабатты үйді жылумен қамтитын 5 шақырымға жуық құбырлар алмастырылады. Гидравликалық сынақ кезінде 200-ден аса ақау шыққан болатын. Тексере келе 98 пайызы шіріп кеткені анықталды.
Ертіс-Баян өңірінде жылына 260 мың тонна ақ қалайы шығаратын зауыт бар. Қысы-жазы кідіріссіз жұмыс істейді.
Павлодар мұнай-химия зауыты да өндірісті әртараптандыру бойынша кешенді жобаларды іске асыруда. Қазір мұнда жанар-жағармаймен қоса битум өнідіріледі. Жылдық қуаттылығы 500 мың тонна. Үкімет басшысының бірінші орынбасары битум сапасын көтеруге кеңес берді.
Сапар соңында Нұрлыбек Нәлібаев аймақтардың жылу маусымына дайындығы бойынша өңіраралық жиын өткізді. Қысқа дайындық жұмыстары кенже қалып жатқандар Алматы, Түркістан, Семей, Көкшетау және Өскемен қалалары.
Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Осы кемшіліктердің барлығын біз жоюымыз керек. Бұл әкімдердің жұмысты алдын ала дұрыс жоспарламағаны және бақыламағандығының әсерінен. Сондықтан жұмысты күшейтейік, әріптестер. Әсіресе әлі бітпеген жұмыстар, жылу желілері, жылу электр орталықтарындағы жұмыстардың бәрін тездетіп бітірейік.
Жобаланған
жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтамаған аймақ басшылары қатаң жазаланады. Үкімет
басшысының бірінші орынбасары былтырдан бері жөндеуге жабылған әуежайға да
барды. Мұндағы жұмыстар тамызда аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы