Құрылтай депутаттары сайлауына дайындық пысықталды
Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сараптамалық кеңестің алтыншы отырысы өтті. Жиында сайлау туралы заңның нормалары сөз болды. Әсіресе Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жайы кеңінен талқыланды.
Еске салсақ, қазір партиялық тізімдер ұсынылып жатыр. Тіркеу 23 шілдеде
аяқталады. Дәл осы күні сағат 18:01-де партияларға үгіт-насихат жүргізуге
рұқсат беріледі. Бұл науқан тамыздың 21-нен 22-не қараған түні аяқталады.
Қазіргі есеп бойынша 12 жарым миллионнан астам отандасымыз таңдау жасауға
құқылы. Сайлау кезінде тұрақты тұрғылықты тіркелген жерінде яки елде болмайтын
азаматтарға есептен шығару куәлігін алып, барған жерінде дауыс беруге болады.
Снежанна Имашева, ҚР ОСК жанындағы сарапшылық кеңестің мүшесі:
Мысалы, өте бір маңызды норма бар – сайлау фондынан тыс ешқандай саяси партия, кандитат қаражатты пайдалана алмайды. Тек қана сайлау фондының ақшасы негізінде өз агитациясын жүргізеді. Міне, осындай өзгерістер жарық көрді. Осыны бүгін эксперттік топ жіліктеп, талқылайды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03