Жаңа мұнай қорларын барлау жұмыстары күшейтіледі
Еліміздегі мұнай қоры шамамен алдағы 40 жылға жетеді. Қазір мемлекет балансындағы қара алтынның көлемі 4,26 млрд тонна. Сондықтан ресурстық базаны ұлғайту және жаңа кен орындарын игеру үшін геологиялық барлау жұмыстарына басымдық беріп отыр. Осы мақсатта былтыр жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, барлауға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалды. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің брифингінде айтылды. Жауаптылардың мәліметінше, бүгінде елде көмірсутектер саласы бойынша 317 жер қойнауын пайдалану келісімшарты бар. Оның басым бөлігі мұнай-газ өндіретін Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарына тиесілі.
Ерлан Ақбаров, Энергетика вице-министрі:
Қазір бізде 15 шөгінді бассейні бар. Сол аз зерттелген шөгінді бассейндерде барлау жұмыстарын арттыру біздің министрліктік басты бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің энергетикалық тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз өзіміздің минералдық шикізат базамызды ұлғайтуымыз керек.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17