БҚО-да 8 жағажайда шомылуға рұқсат етілмейді
Батыс Қазақстан облысындағы 8 жағажайда шомылуға рұқсат етілмейді. Өйткені құтқарушылар жағалауда қауіпсіздік ережелері сақталмағанын анықтаған.
Өңірде суға түсуге арналған 34 арнайы орын бар. Шомылу маусымы басталғалы бері 4 адам суға кетті. Олардың 3-еуі – бала. Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 126 мыңнан астам тұрғынға арнайы жадынама таратылған. Ай басынан бері ережені бұзғандарға 470 мыңға жуық айыппұл салыныпты. Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін 6 мобильді сүңгуір тобы, 80-нен астам құтқарушы мен 30-ға жуық жүзу құралы, 14 көлік жұмылдырылған.
Айбар Камидуллиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы:
8 жағажай су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жұмыс істеуге рұқсат берілмеді. Рұқсат берілмеген жағажайлар қағидалардың талаптарына сәйкес келген соң, қайта түскен өтінімдерге сай қаралады. Жаңақала ауданында болған қайғылы оқиға кезінде тыйым салу белгілерін орнатпағаны үшін Жаңақазан округінің әкіміне айыппұл салынды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00