Ел жаңалықтарына шолу
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесі өзгерді
Мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат берілді. Үкімет Мемлекеттік
рәміздерді пайдалану ережесіне өзгерістер енгізді. Премьер-министр қол қойған
Қаулы 13 шілдеде күшіне енеді. Құжатқа сай Туды үйлерге, өзге де ғимараттарға,
45 градус бұрышпен балкондарға және салтанатты іс-шаралар өтетін орындарға
ілуге болады. Көлік салонына орналастыруға да рұқсат. Бастысы Ту ұлттық
статдартқа сай болуы тиіс. Сонымен бірге зақымданған, өңі кеткен, кірлеген
күйінде пайдалануға тыйым салынады. Талап бойынша ту кемінде 3 метр биіктікте
ілінуі шарт. Сондай-ақ жерге, еденге, суға тимеуі тиіс. Ту тік ілінген кезде
ұлттық өрнек жоғары жақта тұруы қажет. Рәмізді коммерциялық мақсатта,
киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, кілемше ретінде
пайдалануға тыйым салынады.
Астана күнінде 448 сәби дүниеге келді
6 шілде – Астана күнінде ел бойынша 448 сәби дүниеге келді. Оның 223 ұл болса,
225-і қыз бала. Ең көп нәресте —Түркістан облысында туған. Саны: 67. Алматы
қаласында 44 бала өмірге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40
нәрестеден дүние есігін ашқан. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің
ақпаратынша, мереке күні Қазақстанда екі егіз туған. Екеуі де Астана қаласында
өмірге келді.
Қазақстан спорттың 7 түрінен Әлем чемпионатын өткізеді
Қазақстан тұңғыш рет екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие
болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің өкілдері хабарлады. Биыл
Астанада күрес түрлерінен жаһандық дода өтеді. Ал келесі жылы олимпиадалық
спорт түрлері атап айтқанда, үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ
киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншіліктері
ұйымдастырылады. Жарыстарға дүниежүзінің ең үздік спортшылары қатысады деп
жоспарланған. Мұндай дүбірлі додалар отандық спорттың дамуына тың серпін беріп,
салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және жастардың спортқа деген
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, дейді ведомство өкілдері.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан ИННОПРОМ көрмесінде индустриялық жобаларды ұсынды
07.07.2026, 17:38
Испания командасы ширек финалға өтті
07.07.2026, 17:37
Open Air концерттеріне жүз мыңдап көрермен жиналды
07.07.2026, 17:32
Арал аумағы халықаралық экотуризмнің тізіміне енбек
07.07.2026, 17:30
Ресейде жанармай күн сайын қымбаттап барады
07.07.2026, 17:17
Иран кемелерді қайта атқылай бастады
07.07.2026, 17:15
BloombergNEF: XXI ғасыр – электр энергиясы дәуірі
07.07.2026, 17:13
36 мың тұрғын газбен қамтылады
07.07.2026, 17:10