Басты Жаңалықтар BloombergNEF: XXI ғасыр – электр энергиясы дәуірі

BloombergNEF: XXI ғасыр – электр энергиясы дәуірі

Электр энергиясының ғасыры басталды. BloombergNEF жариялаған New Energy Outlook 2026 болжамына сәйкес, алдағы уақытта электр қуатына деген әлемдік сұраныс айтарлықтай өседі. Бұған жасанды интеллектінің қарқынды дамуы, деректерді өңдеу орталықтарының көбеюі, электр көліктерінің кең таралуы және өндірістің цифрлануы себеп. Күн және жел электр станцияларының үлесі жыл сайын артып келеді. Алайда олардың мүмкіндігі шектеулі. Осы тұрғыдан алғанда атом электр станциясының қажеттілігі айрықша. Дамыған мемлекеттердің ешқайсысы жаңартылатын энергия көздерімен ғана шектеліп отырған жоқ. Қазақстан үшін бұл мәселенің маңызы жоғары.  Елде жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту және заманауи деректерді өңдеу орталықтарын салу жоспарланып отыр. Мұндай нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін тәулік бойы үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуі қажет. Әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы елдердің бірі саналатын Қазақстан үшін атом энергетикасын дамыту – табиғи әрі стратегиялық шешім дейді сарапшылар.


Бөлісу