Жер сілкінісінен кейін республикалық автожолдар шұғыл тексерілді
Жамбыл облысында 2 күн бұрын магнитудасы 4,5 балдық жер дүмпуі болған еді. Соған байланысты республикалық маңызы бар автожолдар шұғыл түрде тексерілді.
«ҚазАвтожол» мамандары Меркі, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Шу және Тұрар Рысқұлов аудандарын аралап, тас жолдардың жай-күйін жіті қарап шықты. Бас-аяғы 14 жол айрығы, 8 теміржол өткелі мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған 10 жол бөлігінің беріктігі сынақтан өткізілді. Сонымен қатар 39 көпір мен 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық жағдайы тексеруден өткізілді. Нәтижесінде мамандар жол бойында ешқандай ақау жоқ екенін анықтады. Сондықтан көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16