230 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қостанай облысында соңғы 1,5 жылда 230 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер телімдері жайылым мен егін шаруашылығы үшін берілгенімен, жалға алушылар оларды мақсатты түрде игермеген. Мұндай жағдайда алдымен әкімшілік айыппұл салынып, тағы бір жыл мерзім беріледі. Егер осы уақыт ішінде жағдай өзгермесе, учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылып, ауданның жер қорына өтеді.
Динара Тұрсынбаева, облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы:
Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің басым бөлігі - жайылым алқаптары. Елді мекендерге жақын орналасқан жайылымдар тұрғындардың мал жаюы үшін ауылдық округтердің қарамағына берілді. Қазір мұндай жердің жалпы көлемі 21 мың га. Бұдан бөлек, 15 мың га жер резервке қойылды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06