Басты Жаңалықтар Creative Aimaq жобасы аясында креаторлар 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Creative Aimaq жобасы аясында креаторлар 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. Экспозицияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аралап көрді. Қатысушыларды құттықтаған Аида Балаева Creative Aimaq жобасының басты мақсаты өңірлік креаторларды ілгерілету, олардың өнімдері мен қызметін нарыққа шығаруға қолдау көрсету екенін атап өтті. Көрме-жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, аймақтың брендтерін, заманауи технологиялық бастамаларын және инклюзивті жобаларын таныстырды. Сондай-ақ іс-шарада «Цифрлық киіз үй» аймағы таныстырылып, жасанды интеллект, робототехника және өзге де цифрлық технологиялар саласындағы жобалар көрсетілді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының авторлары түсірген деректі, анимациялық және қысқаметражды фильмдер көрермен назарына ұсынылды. Жалпы, екі күннің қорытындысы бойынша құны 4,9 млн теңгеге креативті индустрия өнімдері сатылды.

Алмас Сағынұлы, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының таланттарды және жобаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры:

Creative Aimaq жобасы әрбір өңірдегі креатив жобалар мен креаторлардың өнімдерін Астана тұрғындары мен қонақтарына көрсетуге арналған жоба.

Бөлісу