Басты Жаңалықтар Жанар-жағармай нарығына бақылау күшейтілді

Жанар-жағармай нарығына бақылау күшейтілді

Шекарадан бензин өткізгісі келетіндер көбейді. Соңғы екі тәулікте 61 факті анықталған. Канистра мен бактерге құйып, жалпы есебі 3 тоннадан астам жанар-жағармайды көршілес елге жеткізбек болған. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған. Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу жөніндегі жол картасы шеңберінде, шекара маңы аймақтарында күшейтілген бақылау жүзеге асырылып жатыр. Жиын қорытындысы бойынша үкімет басшысы Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету Үкіметтің басым міндеті болып саналатынын атап өтті. Мемлекеттік органдарға жағдайды күнделікті бақылауда ұстау тапсырылды.

Бөлісу