Басты Жаңалықтар Ең ірі электр станциясының құрылысы басталды

Ең ірі электр станциясының құрылысы басталды

Абай облысы, Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды. Бүгін қуаты 700 МВт болатын энергетикалық нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті. Станция еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға, өңірдің экономикалық әлеуетін  және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған ірі стратегиялық бастама. Соның арқасында  энергетикалық қауіпсіздік нығайып, электр қуатының  тапшылығы болмайды, өнеркәсіптің дамуға тың серпін береді.

Берік Уәли, облыс әкімі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтіп, жаңа генерациялау қуаттарын іске қосуды басым міндеттердің бірі ретінде айқындады. Бүгінгі жоба – осы маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру жолындағы нақты қадам. Станция ұзақ жылдар бойы халқымызға қызмет етіп, Қазақстанның энергетикалық қуатын арттыруға, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және ел игілігіне қызмет етеді деп сенемін.

Жобаны іске асыру мерзімі 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 881 миллиард теңге. Станция толық пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 миллиард кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді. Бұл өңірдегі  өнеркәсіптердің қарқынды дамуына , елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді. Жобаның әлеуметтік маңызы да зор. Құрылыс кезеңінде 5 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылса, станция іске қосылғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл Курчатов қаласы мен жалпы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

Темірлан Өтегенов, «Грэс Курчатов» ЖШС құрылтайшысы:

Бұл станция мемлекетіміздегі ең үлкен станция болып саналады. Жылына 5,6 миллиард тоқ шығарамыз. Қазір экономиканың өсуіне байланысты мпмлекетімізде тоқ жетпей жатыр. Сол жетпей жатқан тоқты беру үшін, осы жерден тоқты шығару жобамыз.
Бөлісу