Басты Жаңалықтар Елімізде тұңғыш рет спорттық менеджментті үздік шетелдік университеттермен жүзеге асыру қолға алынды

Елімізде тұңғыш рет спорттық менеджментті үздік шетелдік университеттермен жүзеге асыру қолға алынды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратын аралап, Мемлекет басшысының жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Университетте «Жаттықтырушылық қызмет» пен «Спорт ғылымдары» бағдарламаларымен қатар спорттық медицина, оңалту, спорт журналистикасы, менеджмент, жасанды интеллект, аналитика және киберспорт бағыттары бойынша мамандар даярланады. ЖОО шетелдің жетекші университеттерімен бірлескен қос дипломды бағдарламаларды іске асырып жатыр. Премьер-министрге спортшылардың функционалдық жағдайын бағалайтын Smart платформалар, жаңа инновациялық жобалар таныстырылды. Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университеті білім, ғылым және тәжірибені біріктіретін, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын өңірлік орталыққа айналуы тиіс екенін атап өтті.

Тұрсынзада Қуанғалиева, Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры:  

Біз, сонымен қатар, елімізде тұңғыш рет спорттық менеджментті үздік шетелдік Францияның менеджмент университетімен, ІТ-аналитиканы Кореяның үздік ІТ университетімен, сонымен қатар спорттық реабилитацияны Италияның, Венгрияның үздік университеттерімен қос диплом бағдарламасы арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі таңда 2500-нан астам білім алушы білім алып жатыр.
Бөлісу